2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 18 сессиясының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/215 шешімі
(2010.18.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 20 сессиясының 2010.18.02. № 20/250 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 2319558 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 595658 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 5659 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4624 мың тенге;
трансферттердің түсімдері - 1713617 мың теңге;
2) шығындар - 2371613 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 26706 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 26706 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті) - алу 78761 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 78761 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 52055 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған аудандық бюджет түсімдерінің құрамында, жоғары тұрған бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
3. 2010 жылға арналған аудандық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) жеке табыс салығы бойынша - 50%;
2) әлеуметтік салық бойынша - 45%.
4. 2010 жылға субвенция мөлшері 1 465 420 мың теңгені құрайтыны ескерілсін.