2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 19-3 Шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8 бабына және «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 99 151 098 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 7 509 098 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 61 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 50 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 91 531 000 мың теңге;
2) шығындар - 98 732 593 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 881 170 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 191 170 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 310 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - -11 495 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 11 495 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -451 170 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 451 170 мың теңге.
2. 2010 жылы облыстық бюджеттен аудандық және қалалық бюджеттерге берілетін субвенция мөлшері 27 620 594 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
Байзақ ауданына - 2 640 392 мың теңге;
Жамбыл ауданына - 2 236 403 мың теңге;
Жуалы ауданына - 2 165 209 мың теңге;
Қордай ауданына - 3 618 817 мың теңге;
Меркі ауданына - 2 396 820 мың теңге;
Мойынқұм ауданына - 1 220 985 мың теңге;
Сарысу ауданына - 1 799 962 мың теңге;
Талас ауданына - 1 662 999 мың теңге;
Т. Рысқұлов ауданына - 2 350 982 мың теңге;
Шу ауданына - 2 585 376 мың теңге;
Тараз қаласына - 4 942 649 мың теңге.