Қостанай ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы
Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 254 шешімі
(2010.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 561 «Қостанай ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихат шешімінің жобасын Қостанай аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізу туралы» қаулысын қарап, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010.15.01. № 261 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қостанай ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 4048060,0 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 1277852,0 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 3151,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 18997,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 2748060,0 мың теңге;
2) шығындар - 4055265,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 567923,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 567923,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операция бойынша сальдо - 17000,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 17000,0 мың теңге.
5) бюджет тапшылығы (артығы) - -592128,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (артығын пайдалану) - 592128,8 мың теңге.
2. Ауданның 2010 жылға арналған бюджетіне облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 867091,0 мың теңге сомасында белгіленгені назарға алынсын.