«Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 1 нысанды, «Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурордың қадағалау жұмысы туралы» № 1-АП нысанды статистикалық есептерді және оларға қоса берілетін Нұсқаулықтарды бекіту және іске ендіру туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 21 бұйрығы
Статистикалық есептің прокурорлық нысанын жетілдіру мақсатында, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) «Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 1 нысанды статистикалық есеп 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 1 нысанды статистикалық есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурордың қадағалау жұмысы туралы» № 1-АП нысанды статистикалық есеп 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурордың қадағалау жұмысы туралы» № 1-АП нысанды статистикалық есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық 4-қосымшаға сәйкес.
2. 5-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының және бұйрықтар тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау жөніндегі департаментіне, Бас әскери прокуратурасына, Астана, Алматы қ., облыстар мен оралға теңестірілген прокуратураларға, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.