Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 26 және
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2010 жылғы 4 наурыздағы № 118
Бірлескен бұйрығы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 12 мамырдағы № 140 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 30 мамырдағы № 149 Бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.С. Есқалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі | Ә. Исекешев |
| Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушы | Л. Кармазина |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 26
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушысының
2010 жылғы 4 наурыздағы № 118
бірлескен бұйрығымен бекітілген