Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 132 Қаулысы
(2011.13.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 651 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
№ 132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына
ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты 1995 жылғы 23 қаңтарда қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасы, Еуропалық қоғамдастықтар және оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің орнына Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу болып табылады.