2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы
Атырау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексіне және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемде:
1) кірістер 33 334 811 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 22 738 797 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 366 839 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 697 867 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 7 531 308 мың теңге;
2) шығындар - 32 577 811 мың теңге;
3) бюджет тапшылығы (профицит) - 757 000 мың теңге;
4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - (- 757 000) мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 213 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 970 000 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған Атырау қаласы бюджетінің табыстары Бюджеттік кодекске сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін:
Облыс бюджетіне тіркелетін сомадан басқа, әлеуметтік және жеке табыс салығы;
Жеке және заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мүлкіне салық;
Жер салығы;
Бірыңғай жер салығы;
Көлік құралдарына салық;
Мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;
Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;