«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 82 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;