Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 сәуірдегі № 284 Қаулысы
«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) Ережеге сәйкес республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді және біржолғы материалдық көмек төлеуді;
2) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жарты жылдық қорытындылары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 сәуірдегі
№ 284 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына
орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер