2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 259/21 шешімі
(2010.03.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 09 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2- тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Павлодар облыстық мәслихатының 2010.03.02. № 265/22 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 68021412 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 13708003 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 360635 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 53952774 мың теңге;
2) шығындар - 67194102 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -143525 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 642736 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 786261 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 209139 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 209139 мың теңге;
5) бюджет профициті - 761696 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - -761696 мың теңге.
2. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2010 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:
жеке табыс салығы бойынша:
Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар қалаларына - 100 пайыз, Екібастұз қаласына - 51,2 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша:
Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына - 100 пайыз, Ақсу қаласына - 22,8 пайыз, Павлодар қаласына - 17,4 пайыз.
3. Облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2010 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:
жеке табыс салығы бойынша: