«2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 32/290-4с шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 26/270-IV «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2021 тіркелген шешіміне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14-1-103 тіркелген, 2010 жылдың 8 қаңтарында «Шымкент келбеті» № 1 газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшада:
«26 861 771» деген сандар «29 523 853» деген сандармен ауыстырылсын;
«9 593 091» деген сандар «12 255 173» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«31 956 587» деген сандар» «34 831 001» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«-5 083 168» деген сандар» «-5 295 500» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
«5 083 168» деген сандар» «5 295 500» деген сандармен ауыстырылсын;
«846 025» деген сандар» «1 058 357» деген сандармен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «13 140» деген сандар «13 379» деген сандармен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші абзацтағы «124 841» деген сандар «1 328 289» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2 тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. 2010 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттері келесідей шығындарға қарастырылғаны ескерілсін: