2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с шешімі
(2010.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010.15.01. № 29/280-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.26.01. № 30/284-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010.19.03. № 32/290-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.20.04. № 35/320-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.27.05. № 36/324-4с шешімімен (бұр.ред.қара) (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.23.08. № 38/346-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.07.10. № 40/360-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 41/363-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.12. № 43/378-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қала бюджетінің 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 35 126 195 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 16 184 557 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 609 092 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 907 777 мың теңге;
трансферттер түсімі - 15 442 769 мың теңге;
2) шығындар - 41 270 905 мың теңге;