«2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/378-4с шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/350-IV «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2041 тіркелген шешіміне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14-1-103 тіркелген, 2010 жылдың 8 қаңтарында «Шымкент келбеті» № 1 газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшада:
«35 144 195» деген сандар «35 126 195» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«41 288 905» деген сандар «41 270 905» деген сандармен ауыстырылсын;
6-тармақта:
жиырма бірінші абзацтағы «54 605» деген сандар «36 605» деген сандармен ауыстырылсын»;
аталған шешімнің 1, 4 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Ғ. Ғаниев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Ж. Махашов |
Шымкент қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 43/378-4с шешіміне 1 қосымша
Шымкент қалалық мәслихатының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 28/261-4с шешіміне 1 қосымша
2010 жылға арналған Шымкент қаласының бюджеті
Санаты | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| | Iшкі сыныбы |
1 | 2 | 3 |