2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с шешімі
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010.15.01. № 29/280-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.26.01. № 30/284-4с шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010.19.03. № 32/290-4с шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қала бюджетінің 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 29 523 853 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 14 762 291 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 123 379 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 383 010 мың теңге;
трансферттер түсімі - 12 255 173 мың теңге;
2) шығындар - 34 831 001 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 11 648 мың теңге:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 648 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -5 295 500мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 295 500 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 5 802 143 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 1 565 000 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары - 1 058 357 мың теңге.
2. Қала әкімдігінің 2010 жылға арналған резерві 160 000 мың теңге сомасында бекітілсін.