«2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы»
Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 29/280-4с шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14-1-103 тіркелген, 2010 жылдың 8 қаңтарында «Шымкент келбеті» № 1 газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. Қала бюджетінің 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 17 822 870 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 14 762 291 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 123 379 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 383 010 мың теңге;
трансферттер түсімі - 554 190 мың теңге;
2) шығындар - 17 115 543 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 11 648 мың теңге:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 648 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 718 975 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 718 975 мың теңге:
қарыздарды өтеу - 1 565 000 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары - 846 025 мың теңге.
аталған шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Х.Сарсенов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Ж.Махашов |