Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 19 наурыздағы № 129
бұйрығына 3-қосымша
Көптілді білім беру мамандықтарына арналған ағылшын тілінің базалық курсы бойынша типтік оқу бағдарламасы
Мазмұны
Түсініктеме хат
1. Курстың мақсаты мен міндеттері
2. Курстің құрылымы
3. Курстің мазмұны
3.1. 1-ші кезең мазмұны (А1 - тілашар деңгейі)
3.2. 2-ші кезең мазмұны (А2 - бастауыш деңгей)
3.3. 3-ші кезең мазмұны (В1 - орта деңгей)
3.4. 3 кезең мазмұны ( В1 + - ілгері орта деңгей)
4. Ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдары.
Түсініктеме хат
Жоғары мектепте мамандарды кәсіби негізде даярлаудың мазмұнын қайта құрумен байланысты қоғамның қазіргі дамуының өзекті қажеттіліктері Қазақстанда кәсіптік білім беру саласының алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Жоғары кәсіпті білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі мақсат білікті маман даярлау деп көрсетілген. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді - қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс.
Ағылшын тілін меңгеру уақыт талабына сай технологиялар, ғылым мен техниканың дамуындағы соңғы жаңалықтар және бағыттармен танысуға, шетелдегі серіктестіктермен кәсіби байланыстар сияқты кәсіби іс-әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік береді.