Введите номер документа
Прайс-лист

«Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 01-01-07/43 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 15 марта 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 14 февраля 2017

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 01-01-07/43 Бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесі бекітілсін.

2. Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Қамзебаева Д.Ү.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынсын.

3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Пірметов Ә.Х.) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. «Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 6 наурыздағы № 06-2-2/40 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 1806 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т. Ермегияевке жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Т. Досмұхамбетов

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

_____________ Г. Әбдіқалықова

2010 жылғы 16 наурыз

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами