2010-2012 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 1 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңы 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға арналған мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 10184132 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4502054 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 13972 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 895889 мың теңге;
трансфеттердің түсімдері - 4772217 мың теңге;
2) шығындар - 9993960 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) - 190172 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - -190172 мың теңге, оның ішінде:
қарыздардың түсімдері - 282828 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 473000 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған қалалық бюджеттің кірістері мынадай салықтық түсімдер есебінен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылатынын деп белгіленсін:
бір реттік талондар бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
республикалық бюджетке енгізілетін акциздерден басқа акциздер;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
республикалық бюджетке енгізілетін алымдардан басқа кәсіпкерлік және кәсіптік қызметті жүргізгені үшін алымдар;
тіркелген салық;
республикалық бюджетке енгізілетін мемлекеттік баждан және консулдық алымнан басқа, мемлекеттік баж.