«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 155 Бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5480 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 4 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: