Введите номер документа
Прайс-лист

Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге қол қою туралы келісім (Санкт-Петербург қ., 2010 жылы 21 мамырда) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 21 мая 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 января 2015

Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды)
есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге қол қою туралы
келісім
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылы 21 мамырда)

 

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды

 

ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 303-IV Заңымен ратификацияланды

 2010 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,

2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,

халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

Тараптардың бюджеттеріне кедендік әкелу баждарының (өзге баждардың, балама әрекеті бар салықтар мен алымдардың) уақтылы және толық түсуіне өзара мүдделілікке сүйене отырып,

осы мақсатта бір-біріне жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,

мына төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісім кеден одағының кеден аумағына әкелінетін тауарларға қатысты оларды төлеу бойынша міндет Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес осы Келісімде белгіленген кедендік әкелу баждарының есепке алу және бөлу тәртібін қолдану басталған күнінен туындаған кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және Тараптар арасында бөлу тәртібін анықтайды.

Осы кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және Тараптар арасында бөлу тәртібі кеден одағының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік әкелу баждарының сомасына есептелген өсімақылардың (проценттердің) сомасына қатысты да қолданылады.

 

 

2-бап

 

Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

кедендік әкелу баждары - кеден одағының кеден аумағына тауарларды әкелуге байланысты тараптардың кеден органдары алатын міндетті төлем;

уәкілетті орган - Тараптың бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын осы Тараптың мемлекеттік органы;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами