«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының
2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 288 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 1174 қаулысын іске асыру және денсаулық сақтау саласының статистикалық жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 354/е, 358/е, 364/е, 366/е, 370/е, 371/е, 377/е, 378/е, 380/е, 381/е, 382/е, 383/е, 384/е, 385/е, 387/е, 388/е, 389/е, 390/е нысандары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 -қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 - қосымшаларға сәйкес 524/е, 525/е, 526/е, 527/е, 528/е, 529/е, 530/е, 531/е нысандарымен толықтырылсын.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары денсаулық сақтау ұйымдарының осы бұйрықпен бекітілген есепке алу нысандарын жүргізуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Қурмангалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы № 288 бұйрығына
1-қосымша
Приложение 1
к приказу Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 23 апреля 2010 года № 288