Астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 198 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-6/1112 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 наурыздағы
№ 198 бұйрығымен бекітілген
Үлгі нысаны
Астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік
тұрақтындару астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шарты
___________ қ. | ____ жыл «___» _________ |
Бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын _____________________________________________________________________________________