Введите номер документа
Прайс-лист

«Павлодар қаласы аумағын көріктендіру қағидасын» бекіту туралы» Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 25/23 шешімі (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 31 марта 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 20 декабря 2012

«Павлодар қаласы аумағын көріктендіру қағидасын» бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 25/23 шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. «Павлодар қаласы аумағын көріктендіру қағидасы» бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп саналсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

 

Т. Мирошниченко

Қалалық мәслихаттың хатшысы

М. Желнов

 

Павлодар қалалық мәслихатының

2010 жылғы 31 наурыздағы

№ 25/23 шешімімен

бекітілді

Павлодар қаласы аумағын көріктендіру қағидасы

 

Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Павлодар қаласы аумағын көріктендіру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) тұратын ортаны жайлы етіп жасау және қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізуді, объектілердің жай-күйі мен көріктендіру элементтеріне сәулет, санитарлық, экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды анықтайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами