Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 397 Қаулысы
«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сот актілерін орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен 3222145,50 теңге (үш миллион екі жүз жиырма екі мың бір жүз қырық бес теңге елу тиын) бөлінсін.
2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 мамырдағы
№ 397 қаулысына
қосымша
Орындауға жататын сот шешімдерінің
тізбесі
р/с № | Сот органының атауы және шешім шығарылған күні | Талапкер | Мемлекет кірісіне төленетін Мемлекеттік бажды шегергендегі сома (теңге) | Мемлекет кірісіне төленетін мемлекеттік баж (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының 2009 жылғы 13 шілдедегі шешімі, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 7 қазандағы қаулысы | А.А. Бәшімов | 847800 | |
2 | Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының 2009 жылғы 13 шілдедегі шешімі, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысы | А.Н. Тастанбеков | 350000 | |