«Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 7 шілдедегі № 135 Қаулысы
(2009.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 14-2-тармағына және 13-бабының 4-2-тармағына сәйкес, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 189 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 133 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4734 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 106 (1309) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.