2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 232 шешімі
(2010.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 8 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219 Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010.11.02. № 279 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 75 798 860,5 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 21 694 945 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 98 695 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 54 005 220,5 мың теңге;
2) шығындар - 77 834 985,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -202 105 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 551 326 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 753 431 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын
операциялар бойынша сальдо - 507 150 мың теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 507 150 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 2 341 169,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 341 169,9 мың теңге;
2. 2010 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 22 процент, Мұғалжарға - 27 процент, Темірге - 71 процент, Хромтауға - 31 процент, Шалқарға - 32 процент және қалған аудандарға 100 проценттен;