Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 306 қаулысымен мақұлданған
жоба
Күкірт бойынша келісім
Республика Үкіметі арқылы әрекет ететін Қазақстан Республикасы атынан осы Келісімге қосымшада берілген Үкімет қаулысына сай тиісінше жолмен уәкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша құрылған, көшірмесі осы Келісімге қосымшада берілген Серіктестік Кеңесінің шешімі негізінде осы Келісімге қол қоюға тиісінше уәкілеттендірілген «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ТШО»), Қазақстан Республикасының заңнамасын және Теңіз Жобасы бойынша Негізгі құжаттарының ережелерін сақтау мақсатында бір-бірімен ынтымақтастыққа ұмтыла отырып және жоғарыда аталған Негізгі Құжаттарға қатысты анықталған дауларды достық жолмен шешу мақсатында төмендегілер туралы келісті:
Терминдер және түсіндірулер
(А) «Теңіз жобасы бойынша Негізгі Құжаттар» - Қазақстан Республикасы, ТШО Қатысушылары (немесе ТШО Қатысушыларының заттық құқықтарындағы ізашарлары) және жоғарыда көрсетілген аффилииндірілген немесе бас компаниялары тарапынан Теңіз жобасына байланысты inter alia (басқалардың қатарында) бір немесе одан да көп тараптар 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойған және Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 сәуірде № 1168 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 260 және 1999 жылғы 8 сәуірдегі күнгі № 383 қаулыларымен бекітілген келісімшарттар мен құжаттар;
(Б) «Жоба бойынша Келісім» - қазіргі кезде тараптары Қазақстан Республикасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ («Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ құқық мұрагері), ТШО, «Трансоушен Шеврон Компании», «Шеврон Оверсиз Компании», «ЭксонМобил Казахстан Венчур Инк.» және «Лукарко Б.В.» болып табылатын Теңіз жобасына байланысты 1993 жылғы 2 сәуірде кол қойылған (өзгертулерімен қоса) келісімшарт.
В) Келісім - орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқауларын қоса есептегенде бір құжат болып есептелетін күкірт жөніндегі осы Келісім (барлық қосымшаларымен).