Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 Қаулысы
(2014.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 Қаулысымен 2017 ж. 1 сәуірден бастап күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 268 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 268 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 268 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 3 ақпандағы № 21 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;