Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 249 Бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қарашадағы «Балық шаруашылығы ұйымдарында қорықшылық қызмет туралы үлгі ережені бекіту туралы» № 107 «а»-п бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюлеттенінде жарияланған, 2005 ж., № 1, 10-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 16 қарашадағы «Аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы типтік ережені бекіту туралы» № 243 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3260 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 7 қазанда № 121-122 (746) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданылысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2010 жылғы 12 сәуірдегі
№ 249 бұйрығымен
бекітілген
Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі
ереже