2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 шешімі
(2010.12.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.17.02. № 19-1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.12.04. № 20-2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшыларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 74 247 378 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 21 893 108 мың. теңге;
салықтық емес түсімдер - 31 529 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 900 мың теңге;
трансферттерден түсетін түсімдер - 52 315 841 мың теңге;
2) шығындар - 79 296 337 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - -482 864 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелер - 867 301 мың теңге;
бюджеттік несилерді өтеу - 1 350 165 мың теңге;
4) қаржы активтерімен болатын операциялар бойынша сальдо - -148 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 150 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 714 095 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - -4 714 095 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және осы шешімнің 4 тармағына сәйкес қалыптастырылады.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.17.02. № 19-1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.12.04. № 20-2 шешімімен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7, 9, 12, 13, 14, 15, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 29, 30 баптары қатерге және басшылыққа алынсын.