Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы XXI сессиясының
«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 262 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының XXIV сессиясының 2010 жылғы 27 мамырдағы № 301 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы ХХІ сессиясының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 262 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - № 1874 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы «Орталық Қазақстан» газетінің № 198-199 (20783), 2009 жылғы 29 желтоқсандағы «Индустриальная Караганда» газетінің № 154-155 (20861-20862) газеттерінде жарияланған), оған Қарағанды облыстық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі XXIII сессиясының «Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы XXI сессиясының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 262 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 294 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - № 1877 болып тіркелген, «Орталық Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 59-60 (20844) санында, «Индустриальная Караганда» газетінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 43 (20906) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақтағы:
1) тармақшадағы:
«115469758» сандары «116610095» сандарына ауыстырылсын;
«88301715» сандары «89442052» сандарына ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«115773527» сандары «116913864» сандарына ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Жұмабеков |
Қарағанды облыстық мәслихатының
2010 жылғы 27 мамырдағы
XXIV сессиясының № 301 шешіміне
1 қосымша