Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың запасын бақылауды
ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 299 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 80-бабының 5-тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. «Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 5 наурыздағы № 93, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4597 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы, наурыз-сәуір) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 299 бұйрығымен бекітілген
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 80-бабының 5 тармақшасына сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру тәртібін реттейді.