Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 142 Қаулысы
(2010.02.12. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабындағы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес және «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 Қаулысының негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру ұйымдарына орналастырсын.
3. Бекітілген білім беру тапсырысы шегінде «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 Қаулысымен белгіленген квота қолданылады деп анықталсын.