Орал қаласы бойынша 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 3 қаулысы
(2010.18.02. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар осы қаулыны орындауға ұсынылсын.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.18.02. № 361 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1 қосымша
Орал қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 10 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен бекітілді