«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 19-3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Төртінші шақырылған (жиырма бесінші сессия) Жамбыл облыстық мәслихатының 2010 жылғы 02 маусымдағы № 25-6 Шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 108-бабына, «2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 406 Қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 19-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1737 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қаңтарында № 3-4 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшада:
«99 687 247» сандары «100 599 611» сандарымен ауыстырылсын;
«91 764 485» сандары «92 676 849» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«99 420 214» сандары «100 332 578» сандарымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
«12-1. 2010 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджет есебінен «2020 - бизнес жол қартасы» бағдарламасы шеңберінде - 912 364 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
жеке кәсіпкерлікті қолдауға - 600 364 мың теңге;
индустриялық инфрақұрылымды дамытуға - 312 000 мың теңге.».
Аталған шешімінің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Ж. КОДЕКОВ | Облыстық мәслихаттың хатшысы Ә. ӘСІЛБЕКОВ |
Жамбыл облысы мәслихатының
2010 жылғы 2 маусымдағы
№ 25-6 шешіміне қосымша
Жамбыл облысы мәслихатының