«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 160 Бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 370 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 27 шілде 2007 жылғы «Білім туралы» заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау тәртібін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша берілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына» мемлекеттік мекемесіне қабылдау Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадрлық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, Өртке қарсы қызмет комитетінің, Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің, Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің, облыстық, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің, әскери бөлімдерінің, жедел құтқару жасақтарының, облыстарының, Астана және Алматы қалаларындағы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі», «Көкшетау техникалық институты», «Республикалық дағдарыс орталығы», «Апаттық медицина орталығы» мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, осы бұйрықты қызметкерлерінің назарына жеткізсін және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.