Введите номер документа
Прайс-лист

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 250 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 26 мая 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 26 мая 2010

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 250 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 224 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жарияланған № 5684 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 ж., № 6) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурстық іріктеу жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

3-тармақта «парақтар саны» деген сөздер «құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі және аты-жөні» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақта:

4) тармақшада «техникалық немесе» деген сөздер алынып тасталсын;

6) тармақшада «World Universities» деген сөздерден кейін «жалпыакадемиялық» деген сөзбен толықтырылсын;

7 және 10-тармақтарда «құжаттарды қайтаруды тіркеу журналы мен» деген сөздер алынып тасталсын;

2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын.

2. Дамыту стратегиясы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменттері үміткерлердің құжаттарын қарау кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.

3. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Өмірбаев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.

6. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами