Введите номер документа
Прайс-лист

«Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы, жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде құрылатын апелляциялық комиссия туралы және Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 321 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 22 июня 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 22 июня 2010

Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы, жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде құрылатын апелляциялық комиссия туралы және Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 321 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже;

2) Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде құрылатын апелляциялық комиссия туралы ереже;

3) Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия туралы ереже бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Доғалова):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М. Н. Сарыбековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2010 жылғы 22 маусымдағы

№ 321 бұйрығыменбекітілген

 

 

Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Талапкерлердің кешенді тестілеуін жүзеге асыратын жоғары оқу орнында кешенді тестілеуді ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами