Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келіп-кету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 194 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексінің 21-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келіп-кету ережесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келіп-кету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 6 бұйрығын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2135 болып тіркелген).
2) «Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне келіп-кету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 6 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы 2005 жылғы 12 қазандағы № 135 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3913 болып тіркелген, 2005 жылғы 30 қарашасынан № 158 (782) «Заң газеті» жарияланған).
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 28 маусымдағы
№ 194 бұйрығымен бекітілген
Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келіп-кету
ережесі
1. Жалпы қағидалар