2008 жылға арналған халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шаралар жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 26 ақпандағы № 94 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдарымен жоспарланған халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шараларды үйлестіру және іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. 2008 жылға арналған халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі-Жоспар) 1 және 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шығындарды қаржыландыру Жоспарға енгізілген іс-шараларды өткізуге жауапты және қатысушы ұйымдардың қаражаттары есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Ғылыми ұйымдардың директорлары, жоғары оқу орындарының ректорлары, жауапты орындаушылар Жоспарға енгізілген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және оларды өткізудің қорытындылары туралы Министрлікке уақытылы хабарласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Министрдің міндетін атқарушы | Ф. Қуанғанов |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 26 ақпандағы
№ 94 бұйрығына
1-қосымша
2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ғылыми ұйымдары өткізетін халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шаралар
жоспары
р/с № | Іс-шаралар атауы, тақырыптары | Өткізуге жауапты ұйымдар, электрондық пошта, телефон | Өткізілетін орны мен уақыты | Қатысушы-лар саны/ оның ішінде шетелдік |
Халықаралық іс-шаралар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Семинар-мектеп: «Инновация және механика саласы бойынша ғылыми-инженерлік кадрларды дайындау» | Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты 8 (7272) 915290, 917082; 915060 aman_58@mail.ru, nia_rk@mail.ru, immash@mail.kz | Алматы қаласы, 19 қаңтар | 60/7 |