Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.14.12 № 2102 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.14.12 № 2102 ҚАУЛЫСЫ

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 2102 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — стандарт) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063, «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулыларының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көші-қон полициясының бөлімшелері) көрсетеді.

5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны азаматтарды тіркеу кітабында, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерінде тіркеу туралы мөртаңба қою болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет:

1) «тұрақты тұру үшін» санатының визасы бар;

2) Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде уақытша болатын (визалар негізінде не кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісімнің негізінде) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш беруші өтініші қабылданғаны туралы талонды алған сәттен бастап - екі ай;

2) мемлекеттік қызметті ұсынуға қажетті құжаттарды өткізу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;

3) тіркеуді жүзеге асыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын құрайды.

Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат береді.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) интернет-ресурсында www.mvd.kz. сондай-ақ көші-қон полициясының бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орнатылады.

10. Мемлекеттік қызмет көші-қон полициясының бөлімшелерінде аптасына алты күн, жұмыс күндері сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін және сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11. Осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, дене бітімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек кіретін есігі болады. Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар:

1) «тұрақты тұруға» санатының визасы бар адамдар:

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері беретін «тұрақты тұруға» санатының визасы бар жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын;

35x45 мм мөлшеріндегі екі фотосурет (фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс);

2) өзге де заңды негізде Қазақстан Республикасында уақытша болатын адамдар:

бланкісін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін өтініш-сауалнама;

кету парағы не шетелге тұрақты тұруға шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде болуы мүмкін шетелдіктің азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімі;

өтініш беруші еркін нысанда толтырған өмірбаяны;

жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты;

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары беретін медициналық куәландыру туралы ресми анықтама;

Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем қабілеттігін растау туралы белгіленген үлгідегі құжат;

35x45 мм мөлшеріндегі екі фотосурет (фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс) ұсынады.

Ескертпе:

Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінен, сондай-ақ оралмандардан 2) тармақшаның 6-абзацында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

3) тіркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы оң шешім шығарылса, өтініш беруші көші-қон полициясының бөлімшесіне:

шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды тіркеуге келісім беретін адамның азаматтарды тіркеу кітабын;

мемлекеттік бажды төлегені туралы құжат;

бланкісі көші-қон полициясының бөлімшелерінде берілетін толтырылған мекен-жайлық келу парағын;

бланкісі көші-қон полициясының бөлімшелерінде берілетін келу парағына толтырылған статистикалық есеп талонын көрсетеді.

13. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін бланкілер, сондай-ақ ІІМ-нің интернет-ресурсында www.mvd.kz. орналастырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші көші-қон полициясының бөлімшесіне тіркеу орны бойынша өтініш береді.

Көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері құжаттарды қабылдайды және оларды журналға тіркейді.

15. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін:

1) көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері өтініш берушіге осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес өтінішті қабылдағаны туралы талон береді, өтініш беруші ұсынған құжаттардан Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы іс (бұдан әрі — іс) қалыптастырылады және оны облыстық көші-қон полициясының бөлімшесіне жібереді;

2) облыстық көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері іс материалдарын тиісті ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі, содан кейін облыс, Алматы, Астана қалалары Ішкі істер департаментінің басшылығы бекітетін дәлелді қорытынды шығарады.

16. Тіркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы өтініш берушіге көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері жеті күн мерзімде телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етеді.

17. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға:

1) қасақана заңсыз көшіп келушілерге, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін өздері шыққан елдерінің заңнамасы бойынша қудалаудағы адамдарға;

2) сотталғанға дейін тұрақты тұратын жері Қазақстан Республикасынан тыс қары болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;

3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға;

4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, өзінің төлем қабілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде растауды ұсынбаған адамдарға;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында эпидемияға себеп болуы мүмкін сырқаты бар адамдарға;

6) уәкілетті органның, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған адамдарға;

7) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандыратын адамдарға;

8) әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;

9) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;

10) террористік әрекеті, ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттылығы бар адамдарға. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, соттылығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;

11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы қолдаухатпен өтініш білдірген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен ұсынбаған адамдарға;

12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарылған адамдарға;

13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін.

 

 

3. Жұмыс істеу қағидаттары

 

18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты, Ішкі істер органдары қызметкерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мақсатын арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

21. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ішкі істер департаменттерінің, ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің, Ішкі істер министрлігінің жоғары тұрған басшылығына заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

22. Шағымдар жазбаша түрде почта, электрондық почта арқылы не ішкі істер органдарының кеңселері арқылы қолма-қол жұмыс күндері сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін қабылданады.

23. Түскен шағым ішкі істер органдарының кеңсесінде тіркеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Шағымдарды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде почта арқылы не электрондық почта арқылы хабарланады.

 

 

6. Байланыс ақпараты

 

24. Ұсынылатын мемлекеттік қызметке жауапты көші-қон полициясы бөлімшелері басшыларының мекен-жайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, ІІМ-нің интернет-ресурсында: www.mvd.kz., қабылдау бөлмесінің телефоны (7172)71-40-75.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 2102 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет

көрсету стандартына

1-қосымша

 

Р/с

Ішкі істер департаменттері

Заңды мекен-жайы

Интернет-ресурсы

Ішкі істер департаменттері хатшылығының телефондары

Лицензия-рұқсат беру жүйесі бөлімшелерінің телефондары

1.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19

www.ast.dvd.mvd.kz

71-61-98,

71-61-99

71-61-70,

71-60-18,

71-63-66

1)

«Алматы» ауданының ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Жансүгіров көшесі, 2

 

71-68-63

71-67-37

2)

«Сарыарқа» ауданының ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 1

 

71-66-32

71-66-46

3)

«Есіл» ауданының ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21

 

79-88-02,

79-88-10

79-88-02

2.

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 35

www.akmdvd.online.kz

29-11-24,

29-11-25

25-00-35

1)

Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 121

 

25-78-05,

29-96-79

23-03-49

2)

Степногор қаласының ішкі істер бөлімі

Степногор қаласы, 5-шағын аудан, 49

 

5-82-02

5-82-02

3)

Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімі

Ақкөл қаласы, Октябрь көшесі, 2

 

2-10-02

2-10-02

4)

Аршалы ауданының ішкі істер бөлімі

Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47

 

2-17-44

2-17-44

5)

Астрахань ауданының ішкі істер бөлімі

Астрахань ауылы, Байтұрсынов көшесі, 16

 

2-13-02

2-13-02

6)

Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі

Атбасар қаласы, Урицкий көшесі, 38

 

4-37-40

4-37-40

7)

Бұланды ауданының ішкі істер бөлімі

Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 135

 

2-10-02

2-10-02

8)

Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі

Егіндікөл ауылы, Бейбітшілік көшесі, 8

 

2-14-85

2-14-85

9)

Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі

Степняк қаласы, Ленин көшесі, 79

 

2-30-40

2-30-40

10)

Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі

Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесі, 79

 

3-32-68

3-32-68

11)

Есіл ауданының ішкі істер бөлімі

Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 63

 

2-12-02

2-12-02

12)

Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі

Жақсы ауылы, Тұрлыбаев көшесі, 34

 

2-12-89

2-12-89

13)

Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімі

Державинск қаласы, Захаров көшесі, 33

 

9-63-33

9-63-33

14)

Зеренді ауданының ішкі істер бөлімі

Зереңді ауылы, Ілиясов көшесі, 42

 

3-44-02

3-44-02

15)

Қорғалжын ауданының ішкі істер бөлімі

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 8

 

2-14-35

2-14-35

16)

Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі

Балкашино ауылы, Абай көшесі, 101

 

5-00-02

5-00-02

17)

Целиноград ауданының ішкі істер бөлімі

Ақмол ауылы

 

92-4-18

92-4-18

18)

Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі

Шортаңды ауылы, Советская көшесі, 21

 

2-75-02

2-75-02

19)

Щучье ауданының ішкі істер бөлімі

Щучье қаласы, Коммунистическая көшесі, 33

 

4-27-27,

4-43-65

4-43-65

3.

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 57а

www.almaty.police.kz

254-41-55,

254-42-24

254-47-81,

254-42-17,

254-42-15,

254-47-97,

254-40-83

1)

Алатау ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 78

 

298-54-85

298-54-88

2)

Алмалы ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 109

 

254-46-29

254-46-22

3)

Әуезов ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 76

 

298-53-53

221-09-86

4)

Бостандық ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 205

 

254-47-34

395-05-43

5)

Жетісу ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Райымбек көшесі, 158 а

 

279-96-88

233-69-18

6)

Медеу ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Зенков көшесі, 37

 

254-48-18

254-48-15

7)

Түріксіб ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 14

 

298-54-09

298-54-45

4.

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

Ақтөбе, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 271

www.aktobepolice.kz

51-27-55,

93-03-03

52-02-09,

93-01-07

1)

Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 21

 

21-23-38,

40-41-08

97-08-77,

97-08-70

2)

Әйтеке би ауданының ішкі істер бөлімі

Комсомол ауылы, Ардагер көшесі, 7

 

2-14-29

2-17-75

3)

Алға ауданының ішкі істер бөлімі

Алға қаласы, Мұхамбетов көшесі, 28

 

3-11-02

3-37-02

4)

Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі

Байғанин ауылы, Советтер көшесі, 15

 

22-1-74

22-6-82

5)

Ырғыз ауданының ішкі істер бөлімі

Ырғыз ауылы, Ленин көшесі, 14

 

2-12-27

2-12-03

6)

Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі

Бадамша ауылы, Пацаев көшесі, 9

 

23-6-31

22-8-57

7)

Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімі

Мәртөк ауылы, Ленин көшесі, 45

 

2-14-04

2-14-90

8)

Мұғалжар ауданының ішкі істер бөлімі

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі, 74а

 

3-66-08

3-61-38

9)

Темір ауданының ішкі істер бөлімі

Шұбарқұдық ауылы, Желтоқсан көшесі, 1

 

2-23-60

2-32-02

10)

Ойыл ауданының ішкі істер бөлімі

Ойын ауылы, Қойшығұлов көшесі, 42

 

2-18-98

2-17-17

11)

Қобда ауданының ішкі істер бөлімі

Қобда ауылы, Астана көшесі, 97

 

2-16-92

2-16-95

12)

Хромтау ауданының ішкі істер бөлімі

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 10

 

2-12-37

2-16-24

13)

Шалқар ауданының ішкі істер бөлімі

Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 88

 

2-14-61

2-14-63

5.

Алматы облысының Ішкі істер департаменті

Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесі, 91/95

www.jetisu-police.kz

60-02-11,

60-01-54

60-01-15,

60-01-08

1)

Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасы

Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 249

 

60-86-04

24-42-00

2)

Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы

Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 105

 

4-48-89

4-48-89

3)

Іле ауданының ішкі істер басқармасы

Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі

 

51-72-14

51-72-14

4)

Қарасай ауданының ішкі істер басқармасы

Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 90

 

98-34-22

2-28-06

5)

Талғар ауданының ішкі істер басқармасы

Талғар қаласы, Абылайхан көшесі, 120

 

295-61-05

295-61-05

6)

Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 4

 

4-17-98

4-10-98

7)

Текелі қаласының ішкі істер бөлімі

Текелі қаласы, Қонаев көшесі, 104

 

4-51-18

4-51-18

8)

Ақсу ауданының ішкі істер бөлімі

Жансүгіров кенті, Жекебаев көшесі, 104

 

2-15-95

2-15-95

9)

Алакөл ауданының ішкі істер бөлімі

Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 9

 

2-12-84

2-22-14

10)

Балқаш ауданының ішкі істер бөлімі

Бақанас ауылы, Сейфуллин көшесі, 1

 

91-4-01

91-4-01

11)

Ескелді ауданының ішкі істер бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 10

 

3-01-02

3-01-02

12)

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі

Ұзынағаш ауылы, Рысқұлов көшесі, 78

 

2-12-45

2-15-45

13)

Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі

Үштөбе қаласы, Төле би көшесі, 63

 

2-10-02

2-11-57

14)

Кербұлақ ауданының ішкі істер бөлімі

Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесі, 32

 

31-8-55

31-8-55

15)

Көксу ауданының ішкі істер бөлімі

Балпық би ауылы, Исабаев көшесі, 122

 

2-02-18

2-06-46

16)

Панфилов ауданының ішкі істер бөлімі

Жаркент қаласы, Жансүгіров көшесі, 102

 

5-12-02

5-12-02

17)

Райымбек ауданының ішкі істер бөлімі

Беген ауылы, Жамбыл көшесі, 9

 

2-13-98

2-15-59

18)

Сарқанд ауданының ішкі істер бөлімі

Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесі, 42

 

2-10-02

2-11-54

19)

Ұйғыр ауданының ішкі істер бөлімі

Шонжы ауылы, Исламов көшесі, 51

 

2-15-97

2-15-97

6.

Атырау облысының Ішкі істер департаменті

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 85

www.dvd-atyrau.kz

98-21-17,

98-20-57

98-20-33

1)

Атырау қаласының ішкі істер басқармасы

Атырау қаласы, Молдағұлова көшесі, 247

 

98-15-72

98-15-14

2)

Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі

Құлсары қаласы, Дүйсенбеков көшесі, 54

 

5-17-22

5-17-22

3)

Индер ауданының ішкі істер бөлімі

Индер кенті, Нысанбаев көшесі, 9

 

2-13-65

2-13-65

4)

Исатай ауданының ішкі істер бөлімі

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 11

 

2-02-02

2-06-97

5)

Қызылқоға ауданының ішкі істер бөлімі

Миялы ауылы, Абай көшесі, 8

 

2-12-06

2-12-01

6)

Құрманғазы ауданының ішкі істер бөлімі

Ганюшкино ауылы, Абай көшесі, 37

 

2-11-89

2-11-20

7)

Мақат ауданының ішкі істер бөлімі

Мақат ауылы, Газовик көшесі, 13

 

3-09-60

3-09-60

8)

Махамбет ауданының ішкі істер бөлімі

Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13

 

2-23-67

2-23-67

7.

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

http://02vko.kz

23-43-17,

23-42-11,

23-43-21

23-42-72,

23-43-75

1)

Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы

Өскемен қаласы, Пролетарская көшесі, 152

 

23-27-11,

23-27-12,

23-26-22

23-27-25,

23-27-86,

23-27-16

2)

Семей қаласының ішкі істер басқармасы

Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 17

 

56-97-56

56-93-90

3)

Аягөз қаласының және Аягөз ауданының ішкі істер бөлімі

Аягөз қаласы, Тәніберген көшесі, 68

 

3-33-43,

3-14-88

3-33-43,

3-14-88

4)

Зырян қаласының және Зырян ауданының ішкі істер бөлімі

Зырян қаласы, Горький көшесі, 34

 

4-19-31,

3-10-08

4-19-31,

3-10-08

5)

Риддер қаласының ішкі істер бөлімі

Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 8

 

4-47-41,

4-22-50

4-52-13

6)

Абай ауданының ішкі істер бөлімі

Қарауыл ауылы, Молдағалиев көшесі, 13

 

9-13-26

9-13-26

7)

Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімі

Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 45

 

9-14-63,

9-18-61

9-14-63,

9-18-61

8)

Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі

Бородулиха ауылы, Бейбітшілік даңғылы, 16

 

2-10-27

2-15-63

9)

Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі

Глубокое ауылы, Попович көшесі, 44

 

2-18-80,

2-26-77

2-29-75

10)

Жарма ауданының ішкі істер бөлімі

Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесі, 36

 

6-57-54

2-66-40

11)

Зайсан ауданының ішкі істер бөлімі

Зайсан қаласы, Сәтпаев көшесі, 14

 

2-12-02,

2-13-06

2-12-02,

2-13-06

12)

Катон-Қарағай ауданының ішкі істер бөлімі

Үлкен Нарын ауылы, Абай көшесі, 1

 

2-13-02

2-13-02

13)

Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі

Көкпекті ауылы, Астана көшесі, 33

 

2-17-94,

2-19-49

2-17-94,

2-19-49

14)

Күршім ауданының ішкі істер бөлімі

Күршім ауылы, Новая көшесі, 10

 

3-17-76,

3-21-58

3-17-76,

3-21-58

15)

Тарбағатай ауданының ішкі істер бөлімі

Ақсуат ауылы, Қабанбай ауылы, 1

 

2-18-03

2-18-03

16)

Ұлан ауданының ішкі істер бөлімі

Молодежное кенті, 5-үй

 

2-74-33

2-74-33

17)

Үржар ауданының ішкі істер бөлімі

Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 171

 

2-10-02

2-10-02

18)

Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімі

Шемонаиха қаласы, Интернациональный көшесі, 2

 

2-15-66

2-15-71

19)

Курчатов қаласының полиция бөлімі

Курчатов қаласы, Абай көшесі, 10

 

2-55-01

2-37-82

8.

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80

www.tarazpolice.kz

43-39-44

43-33-72

1)

Тараз қаласының ішкі істер басқармасы

Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 5а

 

34-36-23

34-36-23

2)

Байзақ ауданының ішкі істер бөлімі

Сарыкемер ауылы, Орынқұлов көшесі, 9а

 

2-10-81

2-16-80

3)

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі

Аса ауылы, Төле би көшесі, 178

 

2-15-63

2-15-63

4)

Жуалы ауданының ішкі істер бөлімі

Б. Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі, 84

 

2-16-20

2-16-20

5)

Қордай ауданының ішкі істер бөлімі

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 326

 

2-20-02

2-20-02

6)

Мерке ауданының ішкі істер бөлімі

Мерке ауылы, Ысмайылов көшесі, 230

 

2-25-40

2-49-30

7)

Мойынқұм ауданының ішкі істер бөлімі

Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 69

 

2-44-45

2-44-45

8)

Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі

Жаңатас қаласы, Әулие ата көшесі, 3

 

6-29-13

6-32-70

9)

Талас ауданының ішкі істер бөлімі

Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 20

 

6-27-14

6-27-14

10)

Тұрар Рысқұлов ауданының ішкі істер бөлімі

Күлпан ауылы, Жібек жолы көшесі, 57

 

2-14-50

2-14-50

11)

Шу ауданының ішкі істер бөлімі

Шу қаласы, Сәтпаев көшесі, 130

 

2-48-02

2-48-02

9.

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45

www.dvdvko.kz

98-40-30

98-40-14

1)

Орал қаласының ішкі істер басқармасы

Орал қаласы, Космическая көшесі, 10

 

92-18-33

92-18-14

2)

Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі

Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі, 71

 

91-2-02

91-0-66

3)

Бөкейорда ауданының ішкі істер бөлімі

Сайхин кенті, Әбілқайыр хан к-сі, 21

 

21-5-68

21-5-61

4)

Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімі

Ақсай қаласы, 2-шағын аудан, 28

 

9-39-17

9-39-46

5)

Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімі

Жаңақала ауылы, Халық Достығы, 53

 

2-19-20

2-19-21

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!