Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2335 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 тамыздағы № 813 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2335 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 72-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»;
1-тармақтағы «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 813 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2335 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) миссиясы - бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру және оны іске асыруды үйлестіру.
Пайымдауы - 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен жоғары сапалы өсуі.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту