«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 мамырдағы № 25/293 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына және «2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 406 Қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2061 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2009 жылғы 26 желтоқсандағы № 206-207 санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2010 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 59 294 217 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 25 850 805 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 024 763 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 391 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 31 417 258 мың теңге;
2) шығындар - 59 486 845 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 142 594 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 651 960 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 509 366 мың теңге.
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 343 809 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 344 828 мың теңге,
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 019 мың теңге.
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 679 031 мың теңге.
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 679 031 мың теңге.
2-тармақта:
6) тармақшада:
мына жолда:
«Ақтау қаласына» «13,7» сандары «12,1» сандарымен ауыстырылсын;
8-1-тармақ:
мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
2 442 мың теңге - «Мак» операциясын өткізуге.
8-4-тармақта: