ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 586 бұйрығына
3-қосымша
«Азаматтық авиацияның әуе кемелеріне және ұшу құрамының еңбек жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы санитариялық ереже азаматтық авиация әуе кемелерін жабдықтауға, сумен жабдықтауға, ауыз сумен толтыруға, кәрізге, жылытуға, желдетуге, жарықтандыруға және ұшу құрамының еңбек және демалу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Әуе кемелерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
2. Әрбір әуе кемесінде әуе көлігіндегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының барлық тексерулері тіркелетін борттық санитариялық журнал болады.
3. Ұшақтардың санитариялық жағдайын бақылауға мынадай кезеңдерде зерттеп-қараулар кіреді:
1) тікелей ұшу алдында, ұшуда және ұшып келгеннен кейін;
2) көп еңбекті қажет ететін регламенттелген жұмыстан кейін;
3) техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде;
4) зауыттан түскенде;
5) жаңа авиажеліде сапар орындағанда.
4. Әуе кемесі осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің түріне байланысты медициналық оттегі бар баллондармен және бір рет қолданылатын маскалармен, жұмсақ мүкаммалмен, гигиена және қызмет көрсету құралдарымен жабдықталады.
5. Авиажолаушылар мен экипаж мүшелері азықтық өнімдерге және тамақ өнімдеріне, оларды шығару жағдайларына, өлшеп-орауға, тасымалдауға, сақтауға және өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес борттық тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
6. Әуе кемесі шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс денсаулыққа қауіпсіз ауыз сумен жеткілікті көлемде қамтамасыз етіледі.