Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 480 бұйрығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу, бағалау процесстерін регламенттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет тәртібі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2010 жылғы 28 шілдедегі
№ 480 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволар мен
құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет
тәртібі
Ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет мәселелері ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелердің ережелермен, министр, жауапты хатшы, вице-министрлер арасындағы міндеттемелер бөлінісімен және ішкі қызметті реттейтін Министрліктің басқа да бұйрықтармен реттеледі.
Қазақстан Республикасы дамуының 10 жылға арналған стратегиялық жоспары |
Әзірлеу | АӨК стратегиялық жоспарлауы және инновациялық саясат департаменті Қазақстан Республикасы дамуының 10 жылға арналған стратегиялық жоспарының жобасына ақпараттың жинақтауын қамтамасыз етеді (бұдан әрі - 10 жылға арналған Стратегия). |