Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде
2010 жылға арналған су пайдалану лимиттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 тамыздағы № 487 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және 82-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде 2010 жылға арналған су пайдалану лимиттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті:
1) көрсетілген лимиттер облыстар әкімдіктеріне (республикалық маңызы бар қала, астана), су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларға жеткізілсін және оларды сақтау жөнінде бақылауды қамтамасыз етсін;
2) су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі және су шаруашылығының жағдайы өзгерген жағдайда, лимиттерді қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 2 тамыздағы № 487
бұйрығымен бекітілген
Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)
деңгейінде 2010 жылға арналған су пайдалану лимиттері
Р/н № | Облыстардың атауы | Өзен бассейндерінің атауы | оның ішінде, млн.м3 |
Барлығы, млн.м3 | Комуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік қажеттіліктер | ауыл | балық шаруашылығы | экологиялық және өзге қажеттіліктер |
шаруашылығы |
барлығы | оның ішінде тұрақты суаруға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Ақмола | Есіл ө. | 115 | 82 | 32 | 11 | 1 | 0 |
Есіл-Ертіс өзенаралығы | 57 | 45 | 10 | 4 | 2 | 0 |
Шағалалы ө. | 13 | 9 | 3 | 1 | 1 | 0 |