Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және
өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 125-ө Өкімі
(2011.25.01. берілген өзгерістермен)
Астана қаласында 2011 жылғы 21-22 мамырда Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі басқарушылар кеңесінің 20-ші жыл сайынғы отырысын (бұдан әрі - Жыл сайынғы отырыс) сапалы дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Жыл сайынгы отырысты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Премьер-Министрінің 2011.25.01. № 5-ө Өкімімен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 125-ө өкімімен
бекітілген
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, төраға |
| Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Астана қаласының әкімі; |
| Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, төрағаның орынбасары |
| Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары |
| Ақжанов Қуат Балқашұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу және кредит беру департаментінің директоры, хатшы, |
| Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы | - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |