«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы корытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысы
(2011.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1614 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.11.02. № 128 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармашаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 976 қаулысымен
бекітілген
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.11.02. № 128 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрі - Басқарма) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысының негізінде көрсетіледі.