Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1021 Қаулысы
ҚР Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
8-тармақтағы «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген сөздер «Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 қазандағы
№ 1021 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 2040 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссиясының құрамы
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төраға |
| Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Шәріпов Мәжит Бейсембайұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры, хатшы |
| Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы |