«Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушының
2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 251 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығымен күші жойылды
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-3 бабының 3-тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1751 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауында және 1-тармақта «жерүсті телерадио хабарларын тарату» сөздері «телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесінде:
атауында және бүкіл мәтін бойынша «жерүсті телерадио хабарларын тарату» сөздері «телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату» сөздерімен ауыстырылсын;
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Осы Ереже телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-3 бабының 3)- тармақшасына сәйкес әзірленді және конкурс өткізудің шарттарын және оған жеке және заңды тұлғалардың қатысуын айқындайды.»;
2-тармақта «Мәдениет және ақпарат министрлігі» сөздері «Байланыс және ақпарат министрлігі» сөздерімен ауыстырылсын»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: